Жаңа жылдың ертегілік оқиғалары » №156 мемлекеттік балабақшасы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№156 бөбекжай-балабақшасы»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Меңгеруші :
+7(727) 291-76-71
Әдіскер:
+7(727) 291-89-61
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жаңа жылдың ертегілік оқиғалары
26
желтоқсан
2024

Жаңа жылдың ертегілік оқиғалары

Бөбекжай жоспарына сәйкес дәстүрлі түрде қыс қызығын паш ететін сиқырға, ертегіге толы Жаңа жылдық балаларға арналған іс-шаралар өткізілуде. Биылғы Жаңа жылдық ертеңгіліктердің ерекшелігі 11 топқа кесте бойынша және топтардың жас ерекшеліктеріне сәйкес балалардың өздерінің таныс және сүйікті мульттоптамаларының тақырыбында алынып ұйымдастырылды.  Ертеңгілік барысында педадагогтар тарапынан мультоптаманың желісі бойынша рольдер ойнап, мерекенің басты кейіпкерлері Аяз ата мен немере қызы Ақшақар келіп балалардың өнерлерін тамашалады.

Ертеңгіліктерді мультоптама мен ертегілер желісі бойынша алудағы басты мақсат: кесте бойынша бекітілген тақырыпарына сай рольдерді ойнау арқылы ересек, мектепалды, ортаңғы топтар тәрбиеленушілер коммуникативтік дағдыларын дамыту, саханалық өнерге баулу сонымен қатар педагогтердің инновациялық технологияларды кеңінен қолдану, ӨТШТ технологиясы негізінде балалардың шығармашылық және ойлау қабілеттерін дамыту болды.