Тарихымыз » №156 мемлекеттік балабақшасы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№156 бөбекжай-балабақшасы»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Меңгеруші :
+7(727) 291-76-71
Әдіскер:
+7(727) 291-89-61
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Өрлеу» біліктілікті арттыру курсы
30
сәуір
2026
«Өрлеу» біліктілікті арттыру курсы
2026 жылдың сәуір айында педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру мақсатында Рысбай Гүлназ Нұржанқызы «Мектеп жасына дейінгі балалардың әлеуетін ашуға арналған цифрлық технологиялар және жасанды интеллект» тақырыбындағы «Өрлеу» біліктілікті арттыру курсынан сәтті өтті.
Алғыс хат
18
наурыз
2026
Алғыс хат
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетімен ынтымақтастық аясында практиканттарды даярлауға қосқан үлесі үшін әдіскеріміз-  Бұлбұл Бақытжанқызы алғыс хатпен марапатталды. Бұл – нәтижелі еңбектің, кәсіби шеберлік пен жауапкершіліктің айқын көрінісі.
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай еңбегіміз еленіп, құрмет грамотасы мен алғыс хатқа ие болдық.
09
наурыз
2026
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай еңбегіміз еленіп,
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай еңбегіміз еленіп, құрмет грамотасы мен алғыс хатқа ие болдық. Бұл – біздің ортақ жетістігіміз бен тынымсыз еңбегіміздің жемісі. Сенім білдіріп, қолдау көрсеткен баршаңызға алғысымыз шексіз! 💐
Диплом
17
желтоқсан
2025
Диплом
Тәуелсіздік күніне орай ұстаздар кәсіподағы атынан білім беру саласының дамуына қосқан елеулі үлесі, жас ұрпақты тәрбиелеудегі қажырлы еңбегі мен жоғары кәсібилігі үшін дипломмен марапатталды. Бұл марапат – табандылықтың, жауапкершіліктің және өз ісіне деген шынайы жанашырлықтың айқын дәлелі. Ұстаздық жолдағы жетістіктеріңіз арта берсін, еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, толағай табыстарға жетелей берсін!
Құрмет грамотасы
03
қазан
2025
Құрмет грамотасы
Ұстаздар күніне орай білім беру саласына қосқан сүбелі үлесі, жас ұрпақты тәрбиелеудегі ерен еңбегі мен жоғары кәсіби шеберлігі үшін құрмет грамотасымен марапатталды. Бұл – ұзақ жылдық ізденіс пен табандылықтың, ұстаздық жолға деген адалдықтың лайықты бағасы. Еңбегіңіз жана берсін, шәкірттеріңізбен бірге биік белестерді бағындыра беріңіз!
Біздің жетістіктеріміз
12
наурыз
2024
Біздің жетістіктеріміз
«Мектепке дейінгі білім беруде заманауи білім берудің технологиялары  және балаларды ерте жастан дамытудың халықаралық практикалары» атты 156 академиялық сағат көлемінде біліктілікті арттыру курсын   № 156 бөбекжай – балабақшасы бойынша 19 педагог оқып аяқтады. 
Білімді, жан – жақты қабілетті ұрпақ – ұлтымыздың баға жетпес қазынасы.
26
қаңтар
2024
Білімді, жан – жақты қабілетті ұрпақ – ұлтымыздың баға жетпес
     Білімді, жан – жақты қабілетті ұрпақ – ұлтымыздың баға жетпес қазынасы. Бүгінгі жасалған жұмыс, берген тәлім – тәрбие ертеңгі күннің болашақтың жемісі.  26.01.2024 жылы балабақшамызда 25 орындық топ ашылып, 25 ата – ана мен бүлдіршіндер қуанышқа бөленді.        Жаңа топтың ашылу  рәсіміне Медеу ауданы Әкімінің орынбасары: Нұрлыбаев Айдос Аскарович пен Медеу аудандық Білім бөлімінің басшысы: Амирова Ағайша Амировна қатысты.   Бақшамыздың меңгерушісі Жунусова Карлыга Асанкуловна  топтағы
Біздің жетістіктеріміз
14
қараша
2023
Біздің жетістіктеріміз
Мектепке дейінгі балалармен заманауи талаптарға  сай  Робототехниканы игерту бойынша жасалған жұмыстары үшін:  «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңа мазмұнын іске асырудағы   кәсіби шеберлігі мен жоғары белсенділігі үшін»  Қазақстан  Республикасы   Оқу  - ағарту  министрлігі «Балаларды ерте дамыту институты » РММ – нің   ГРАМОТАСЫМЕН  № 156 бөбекжай – балабақша педагогтері марапатталды.