Мектепалды "Қарлығаш" тобы қоштасу ертеңгілік » №156 мемлекеттік балабақшасы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№156 бөбекжай-балабақшасы»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Меңгеруші :
+7(727) 291-76-71
Әдіскер:
+7(727) 291-89-61
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектепалды "Қарлығаш" тобы қоштасу ертеңгілік
20
мамыр
2026

Мектепалды "Қарлығаш" тобы қоштасу ертеңгілік

 Қоштасу ертеңгілігі жоғары деңгейде ұйымдастырылып, ерекше әсерге толы өтті. Балабақшамен қоштасып, мектепке қадам басқалы отырған бүлдіршіндер ән айтып, би билеп, өз өнерлерін көрсетті. Әр баланың жүзіндегі қуаныш пен толқыныс жүректерге жылы сезім сыйлады.Балалардың балдәурен балалық шағы өткен балабақшамен қоштасу сәті ата-аналар мен тәрбиешілер үшін де әсерлі болды. Ертеңгілікте тәрбиеленушілерге ақ жол тілеп, жылы лебіздер айтылды.Бүгінгі кеш — балғындардың алғашқы үлкен белесі. Бүлдіршіндерімізге жарқын болашақ, таусылмас білім, биік белестер тілейміз! Мектеп табалдырығын сеніммен аттап, елдің мақтанышы болатын азамат болып өссін! Балабақшада өткен әрбір бақытты күн естелік болып қала береді. Қош бол, балабақша! Қош келдің, мектеп өмірі!