22
мамыр
2026
Мектепалды "Ақбота" тобы қоштасу ертеңгілік
Бүгін балабақшамызда жүрекке жылу сыйлаған «Қош бол, балабақша!» атты қоштасу ертеңгілігі ерекше сән-салтанатпен өткізілді. Бұл мереке — бүлдіршіндердің балалық шақпен қоштасып, мектеп өміріне алғашқы қадам басқан қуанышты да әсерлі сәті болды.
Ертеңгілік барысында балалар өз өнерлерін көрсетіп, әсем ән шырқап, мың бұрала би билеп, көңілді көріністер қойды. Әр бүлдіршіннің бойынан сенімділік пен шаттық байқалып, мерекенің көркін аша түсті.Ата-аналар мен тәрбиешілер үшін бұл күн қуаныш пен қимастыққа толы болды. Балалардың кішкентай кезінен есейіп, қанаттанып бара жатқанын көру — әр ұстаз үшін үлкен мақтаныш.
Балабақшада өткен балдәурен шақтары, достарымен бірге өткізген қызықты күндері бүлдіршіндердің жүрегінде мәңгі сақталады.
Құрметті түлектерімізге сәттілік, мол білім, биік белестер тілейміз! Армандары асқақ, болашақтары жарқын болсын!
Қош бол, сүйікті балабақша!
Алда тек сәтті қадамдар мен үлкен жеңістер күтіп тұр!