Біз туралы » №156 мемлекеттік балабақшасы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№156 бөбекжай-балабақшасы»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Меңгеруші :
+7(727) 291-76-71
Әдіскер:
+7(727) 291-89-61
Нашар көрушілер
нұсқасы
Ұлыстың ұлы күні – 22 Наурыз мерекесі
20
наурыз
2025
Ұлыстың ұлы күні – 22 Наурыз мерекесі
Ұлыстың ұлы күні – 22 Наурыз мерекесімен баршаңызды шын жүректен құттықтаймыз! Наурыз – жаңару мен жақсылықтың, ырыс пен ынтымақтың бастауы. Осы мерекеде әр шаңыраққа құт-береке, молшылық пен бақ-дәулет тілейміз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш, аспанымыз ашық болсын! Ізгі ниет пен ақ тілектер әрдайым сіздермен бірге болсын. Көктемнің әр күні қуаныш пен шаттыққа толы болғай! Наурыз мерекесі құтты болсын! 🌿
6-шілде Астана күніне арналған іс-шара
07
шілде
2026
6-шілде Астана күніне арналған іс-шара
Құрметті ата-аналар, қадірлі әріптестер, ардақты бүлдіршіндер! Сіздерді еліміздің еңсесін биіктеткен, Тәуелсіз Қазақстанның жүрегі – Астана күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Астана – ел бірлігінің, бейбітшілік пен жасампаздықтың, жарқын болашаққа деген сенімнің символы. Көркейген елордамыз – халқымыздың мақтанышы, тәуелсіздігіміздің айғағы.Бүгінгі бүлдіршіндер – ертеңгі ел тірегі. Сондықтан жас ұрпақтың бойына Отанға деген сүйіспеншілікті, туған жерге құрметті, ұлттық құндылықтарды сіңіру –
Жаңа конституцияны талқылау
01
шілде
2026
Жаңа конституцияны талқылау
📜 Конституция – ел тірегі, халықтың құқықтық қорғанысы! Әрбір мемлекеттің берік іргетасы – оның Конституциясы. Бұл құжат – біздің құқықтарымыз бен бостандықтарымыздың кепілі, тәуелсіздігіміздің айқын көрінісі. Конституция – әділетті қоғам құру жолындағы басты бағдар. Ол әр азаматтың даусын естіп, тең мүмкіндіктерге жол ашады. Бүгін біз еліміздің басты Заңына құрмет көрсетіп, оның құндылығын терең түсінуге тағы бір қадам жасаймыз. ✨ Заң үстемдігі – жарқын болашақ кепілі! 
«Жас із кесуші» ойын-сауық іш-шара
08
маусым
2026
«Жас із кесуші» ойын-сауық іш-шара
https://www.instagram.com/reel/DZZnrFttia6/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA== Ересек “Ертарғын, Жұлдыздар, Қошақан” топтар арасында 🐾 «Жас із кесуші» ойын-сауық іш-шара өтті. Бүгін балалар қызықты зерттеу әлеміне саяхат жасап, жануарлар мен жәндіктердің іздерін танып-білуге тырысты. Суреттерді бояп, шығармашылықтарын шыңдап қана қоймай, табиғаттағы әрбір іздің өз иесі бар екенін білді. Сыртта өткен танымдық ойындар балалардың қызығушылығын арттырып, бақылау қабілеттерін
1 маусым – Балаларды қорғау күні! 🌈
01
маусым
2026
1 маусым – Балаларды қорғау күні! 🌈
Бала күлкісі – әлемнің ең әсем әуені, ал олардың бақытты балалығы – әрбір ересектің басты міндеті. Бүгінгі мереке – мейірім мен махаббатқа толы балғын жүректердің мерекесі. Барша бүлдіршіндерге шаттыққа толы күндер, жарқын болашақ, шексіз қуаныш пен бақыт тілейміз! Әр баланың жүзіне күлкі үйіріліп, армандары орындала берсін. 💖✨ Балалық шақтарың бақытқа, өмір жолдарың сәттілікке толы болсын!
«Менің бақытты отбасым» атты сурет байқауы
19
мамыр
2026
«Менің бақытты отбасым» атты сурет байқауы
№156 бөбекжай-балабақшасы «Қазақстан – тұрмыстық зорлық-зомбылықсыз ел» жобасы аясында балабақшамызда «Менің бақытты отбасым» атты сурет байқауы ұйымдастырылып, тәрбиеленушілердің шығармашылық жұмыстары көрмеге қойылды. Балалардың жүрек жылуымен салған суреттері арқылы отбасы құндылығы, мейірім мен сыйластықтың маңызы кеңінен насихатталды. Осы іс-шарадан арнайы бейнеролик дайындап, сіздермен бөлісеміз. Бақытты отбасы – бақытты балалық шақтың негізі
«Бәрі де бала үшін»
14
мамыр
2026
«Бәрі де бала үшін»
Қазіргі қоғамда бала тәрбиесі – отбасы мен балабақшаның ортақ жауапкершілігі. Баланың жан-жақты дамуы үшін ата-ана мен балабақша арасындағы тығыз байланыс пен өзара қолдау аса маңызды. Өйткені бүлдіршіннің болашағына бейжай қарамай, оның тәрбиесі мен білім алуына бірге атсалысу – басты міндеттердің бірі. Осы орайда балабақшамызда ұйымдастырылған «Бәрі де бала үшін» акциясы аясында «Қарлығаш» тобының ата-аналары белсенділік танытып, балабақша ауласын көркейту жұмыстарына атсалысты. Ата-аналар
“Әр ойыншықтың өз орны бар!”
05
мамыр
2026
“Әр ойыншықтың өз орны бар!”
Ересек “Ертарғын” тобы “Әр ойыншықтың өз орны бар!” Балабақшада әр ойыншықтың өзіне лайық орны бар. Балалар ойын қызығына бөленгеннен кейін, сүйікті ойыншықтарын жинап, өз орындарына әдеппен қояды. Бұл – тазалық пен ұқыптылықтың, тәртіп пен мәдениеттің көрінісі. Жинақы да жайлы ортада баланың көңілі шат, ойыны да, үйренуі де мәнді өтеді. Біз ойыншықтарды құрметтеп, оларды күтіп ұстауды әдетке
Балабақшаға алып келуге тиым салынатын заттар!
04
мамыр
2026
Балабақшаға алып келуге тиым салынатын заттар!
​https://www.instagram.com/reel/DXdyDhgjaDp/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==​​​
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 ... 20 Вперед