14
мамыр
2026
«Бәрі де бала үшін»
Қазіргі қоғамда бала тәрбиесі – отбасы мен балабақшаның ортақ жауапкершілігі. Баланың жан-жақты дамуы үшін ата-ана мен балабақша арасындағы тығыз байланыс пен өзара қолдау аса маңызды. Өйткені бүлдіршіннің болашағына бейжай қарамай, оның тәрбиесі мен білім алуына бірге атсалысу – басты міндеттердің бірі.
Осы орайда балабақшамызда ұйымдастырылған «Бәрі де бала үшін» акциясы аясында «Қарлығаш» тобының ата-аналары белсенділік танытып, балабақша ауласын көркейту жұмыстарына атсалысты. Ата-аналар ауламызға әкеп отырғызған кішкентай көшеттеріңіз, мекеме аумағының сәнденуіне өз үлестерін қосты.
Мұндай игі істер ата-ана мен балабақша арасындағы ынтымақтастықты нығайтып қана қоймай, балаларға еңбекқорлыққа, табиғатты аялауға және тазалықты сақтауға үлгі болары сөзсіз