03
желтоқсан
2024
№1 педагогикалық кеңес
KMKK «№ 156 бөбекжай- балабақшасында» №1 педагогикалық кеңесте «Ізденіс» шығармашылық тобы құрылды. Шығармашылық топ құрамы белсенді, шығармашыл, креативті бөбекжай педагогтарынан тұратын 7 мүшеден құралды. Бөбекжай платформасында бұл топты құрудағы мақсат міндетіміз: мдұ педагогтарының кәсіптік қарым қатынасы үшін жағдай жасау, педагогтардың шығармашылық белсенділігін арттыру, кәсіптік шеберлік пен дағдыларын қалыптастыра отырып дамыту және жетілдіру болып табылады. Алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін мынандай міндеттер шешіледі: - Бірлескен жұмыста кәсіптк проблемаларды, оқыту мен тәрбиелеудің бірлескен қиындықтарын шешу, инновациялық процесстерді шешуде бір-біріне көмектесу, пікірлес педагогтардың тобын қалыптастыру, жаңа әдіс-тәсілдер мен инновациялық технологияларды үйреніп, тәжірибеде қолдана отырып, тәжірибені тарату, инновациялық жаңа шешіммен жобаларды мдұ прцесіне қосуға көмек беру болып табылады. Шығармашылық топ жұмысының өнімді формасын қалыптастыру, сонымен қатар құжаттарады жүйелі жүргізілуіне жол ашу.
