09
желтоқсан
2024
Ата-аналарға кеңес
Құрметті ата-ана, артикуляциялық жаттығулар арқылы бала тілін үй жағдайында қалай дамытуға болатыны туралы сіздерге бөбекжай-балабақшамыздың логопед маманы Қалауқызы Аружаннан және дефектолог Амирбекқызы Гулзаттан назарларыңызға кеңес ұсынамыз. Мақсаты: Балалардың артикуляциялық мүшелерінің қозғалыс белсенділігін арттыру. Дұрыс тыныс алуын, фонематикалық есту қабілетін жетілдіру. Қолдың ұсақ моторикасын саусақ жаттығуларын үй жағдайында жасау арқылы балаларымыздың дұрыс сөйлеу, дыбыстарды дұрыс атай алу қабілеттерін дамыту.



