Ана көрген тон пішер... » №156 мемлекеттік балабақшасы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№156 бөбекжай-балабақшасы»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Меңгеруші :
+7(727) 291-76-71
Әдіскер:
+7(727) 291-89-61
Нашар көрушілер
нұсқасы
06
желтоқсан
2024

Ана көрген тон пішер...

Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту моделінде (ҚРУ 2021 жылғы 15 наурыздағы №137 қаулысымен бекітілген): «балаларды ерте жастан дамытуда ұлттық құндылықтарды заманауи теорияларымен үйлестіру, ұлттық мәдениет пен дәстүр арқылы рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде баланың жеке қасиеттерін қалыптастыру, отбасымен ынтымақтастық нысандарын кеңейту» қажеттілігі нақты айтылған. Осы аталмыш қаулыны басшылыққа ала отырып, бөбекжайда «Асылжан» әжелер мен аналар мектебі құрылған. Ағымдағы жылдың 06.12.2024 күні жоспар бойынша «Ана көрген тон пішер...» тақырыбында аналар мен әжелеріміздің және қыздарымыздың қатысуымен үлкен салт -дәстүрді дәріптейтін іс-шара өткізілді. Іс-шараны ұйымдастырудағы басты мақсатымыз мектепке дейінгі ұйымдар отбасымен тығыз байланыс орната отырып, тәрбиелеу мен оқытуды ұлттық салт-дәстүрлер мен ұлттық құндылықтарға негіздеп, балаға жайлы жағдайлар жасау болды.