"Мектепке дейінгі білім берудегі заманауи технологиялар: "Детективті зертхана " тақырыбында ата – аналармен бірлескен семинар өтті » №156 мемлекеттік балабақшасы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№156 бөбекжай-балабақшасы»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Меңгеруші :
+7(727) 291-76-71
Әдіскер:
+7(727) 291-89-61
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » "Мектепке дейінгі білім берудегі заманауи технологиялар: "Детективті зертхана " тақырыбында ата – аналармен бірлескен семинар өтті
15
наурыз
2024

"Мектепке дейінгі білім берудегі заманауи технологиялар: "Детективті зертхана " тақырыбында ата – аналармен бірлескен семинар өтті

2024 жылдың наурыз  айында  "Мектепке дейінгі  білім берудегі заманауи технологиялар: "Детективті зертхана " тақырыбында   ата – аналармен бірлескен семинар өтті.  Бұл семинарға Медеу ауданы, № 156 бөбекжай - балабақшасының  тәрбиеленушілері: ересектер  мен  мектепалды топ балалары , балабақша ата – аналары және педагогтер қатысты 

Мақсаты:Эксперимент арқылы мектеп жасына дейінгі баланың тұтас дүниетанымының негіздерін қалыптастыру үшін жағдай жасау.  Осы қойылған мақсатқа жету жолында келесі міндеттерді шешу көзделеді:

 - балалардың қоршаған әлемнің физикалық қасиеттері туралы түсініктерін кеңейту: заттардың әртүрлі қасиеттерімен таныстыру (қаттылық, жұмсақтық, сусымалы, тұтқырлық, көтергіштік, ерігіштік);    

Ата – аналар  мен балалар заманауи технологиялар : робототехниканың әлеміне саяхат жасады, робот ботли, робот тышқандармен тапсырмалар орындады Ата – аналар балаларымен бірге гипстен дайындалған ойыншық мүсіндерді бояды. Қыш құмыралар дайындау тәсілдері көрсетілді.