Мектепке дейінгі білім берудегі заманауи технологиялар: Өзекті мәселелер мен тиімді нәтижелер" тақырыбында Республикалық семинар өтті.
2024 жылдың 5 -ші наурыз күні Алматы қаласында "Мектепке дейінгі білім берудегі заманауи технологиялар: Өзекті мәселелер мен тиімді нәтижелер" тақырыбында Республикалық семинар өтті. Бұл семинарға Медеу ауданы, #156 бөбекжай - балабақшасының меңгерушісі Жунусова Карлыга Асанкуловна "Детективті зертхана " жобасымен қатысты, сонымен бірге бұл семинарға балабақша педагог мамандары: Смаилова Г., Пернебай А.Ә., Әбен Әния қатысып өз жұмыстарын көрсетті.
Мақсаты: Эксперимент арқылы мектеп жасына дейінгі баланың тұтас дүниетанымының негіздерін қалыптастыру үшін жағдай жасау. Осы қойылған мақсатқа жету жолында келесі міндеттерді шешу көзделеді:
- балалардың қоршаған әлемнің физикалық қасиеттері туралы түсініктерін кеңейту: заттардың әртүрлі қасиеттерімен таныстыру (қаттылық, жұмсақтық, сусымалы, тұтқырлық, көтергіштік, ерігіштік);