«Мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиені арттыру үдерісін жүргізудің ерекшеліктері» Семинар » №156 мемлекеттік балабақшасы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№156 бөбекжай-балабақшасы»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Меңгеруші :
+7(727) 291-76-71
Әдіскер:
+7(727) 291-89-61
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиені арттыру үдерісін жүргізудің ерекшеліктері» Семинар
25
сәуір
2023

«Мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиені арттыру үдерісін жүргізудің ерекшеліктері» Семинар

2023 жылдың 25 – ші сәуір күні Алматы қаласы, Медеу ауданы,  МКҚК № 156 бөбекжай – балабақшасында  «Мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиені арттыру үдерісін жүргізудің ерекшеліктері» тақырыбында  семинар өтті.   Семинарға   Алматы қаласы Абай атындағы Қазақ  ұлттық педагогикалық университетінің   доценті   педагогика ғылымдарының кандидаты   Таубаева  Галия Закрьяновна жетекшілік ететін  4 курс  студенттері мен  № 156 бөбекжай – балабақшасының меңгерушісі  Жунусова Карлыға  Асанкуловна , балабақша педагог – мамандары мен тәрбиешілер, мектепалды даярлық  топ тәрбиеленушілері  қатысты.  Балалармен жүргізіліп жатқан жұмыс ерекшеліктері бойынша,  атап айтқанда В.Воскобовичтің дамытушы ойындары  туралы балабақша психологі Смаилова Гульзат дамытушы ойынның балаға тигізетін әсері жайында өз тәжірибесімен бөлісіп, балалармен практика жүзінде ойындар көрсетті. Балабақша  дефектологі мен логопед маман өз іс тәжірибелерімен бөлісіп , болашақ мамандарға мастер класс көрсетті. Тәрбиешілер Тохтиева Жанат, Абдыгаипова Гульнар   зерттеу жұмыстарының ерекшеліктерін түсіндіріп, балалармен зерттеу жұмыстарын өтті. Екі ай практикадан өткен студенттер өздерінің алған әсерлерін айта келе мамандықты дұрыс таңдағандарын айтып өтті.