04
мамыр
2017
Наурыз мерекесін атап өтті
Наурыз - шығыс елдерінің бүкілхалықтық мейрамы, Ұлыстың ұлы күні. Наурыз шығыс халықтарында жыл басы мерекесі ретінде тойланып, ерекше күн ретінде аталып өтіледі. Қазақ халқы да Наурыз мерекесін айрықша бағалап, оны жыл сайын тойлап отыруды салт-дәстүрге айландырған.
Шығыстың данышпандары Махмұд Қашқари, Омар Хаямнан бастап қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев, Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Сәкен Сейфуллин сынды ұлт қайраткерлері де Наурыз туралы еңбектер, өлеңдер, асыл сөздер жазып қалдырған.
Кеңес Үкіметінің солақай саясатының салдарынан Наурызда Құран оқылмаса да, діни мереке ретінде бағаланып, оны 1926 жылдан бастап атап өтуге тиым салынған еді. Содан ұзақ жылдар бойы мемлекеттік деңгейде тойланбады. Бірақ ескінің көзін көрген қарияларымыз ауылдық жерлерде наурыз көже даярлап, отбасылық мереке ретінде тойлап келген.
Еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейін Наурыз мемлекеттік деңгейде барлық қалаларда, облыс, аудан орталықтарында, ауылдарда бүкілхалықтық мереке ретінде тойланып келе жатыр.
Сәуір айының басында Алматы қаласы, Медеу ауданы №156 бөбекжай балабақшасында "Наурыз құтты болсын!" атты мерекелік шарасы болып өтті. "Тұлпар" тобының тәрбиешілері Ербекеева Г.Б. мен Нурпеисова Г.К. балаларға ұлттық ойындарды ойната отырып салт-дәстүрімізді кеңінен дәріптеді.