Тәуелсіздігім - тұғырым » №156 мемлекеттік балабақшасы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№156 бөбекжай-балабақшасы»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Меңгеруші :
+7(727) 291-76-71
Әдіскер:
+7(727) 291-89-61
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Тәуелсіздігім - тұғырым
23
желтоқсан
2016

Тәуелсіздігім - тұғырым

"Ел боламын десең - бесігіңді түзе" демекші бала тәрбиелеу ісінде балабақшалар алдыңғы орынды алады. Осындай атаулы ұйымдардың бірегейі №156 бөбекжай балабақшасының мектепалды даярлық "Сұңқар" тобы тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай "Тәуелсіздігім - тұғырым" атты ертеңгілік ұйымдастырды. Балалардың өміріне, тәрбиесіне аса зор жауапкершілікпен, ынтамен қарайтын балабақша меңгерушісі Әлібаева Аймен Шаймағанбетқызы және әдіскер Ташибаева Гүлнәр Жақиянқызы кештің ұйымдастырылу барысына оң бағаларын берді. Топтың тәрбиешілері Гүлбану Тоқтарқызы, Бағлан Тәліпбайқызы және Сәбираш Абжанқызы балаларды патриоттық рухта тәрбиелеп, олардың бойына ізгілік пен қайсарлықты ұялата білді. Кешті патриоттық әндермен әрлеген Айгүл Хатауқызы балаларды ән-күйге баулып, кештің көркін қыздыра түсті. Балалардың өнерлеріне тәнті болған ата-аналар балабақша ұжымына алғыстарын білдірді. 

Тәуелсіздігім - тұғырым

 

Тәуелсіздігім - тұғырым

 

Тәуелсіздігім - тұғырым

 

Тәуелсіздігім - тұғырым

 

Тәуелсіздігім - тұғырым

 Гүлнара ЕРБЕКЕЕВА

Похожие публикации: