19
желтоқсан
2024
Үй жағдайында балалардың музыкалық шығармашылық қабілеттерін дамыту
Баланың өзбетімен әрекет ету жолдары жан-жақты да алуан түрлі, соның ең негізгілерінің бірі –музыкалық-дидактикалық ойындар. Музыкалық-дидактикалық ойындар баланың музыка сауаттылығын жете меңгертуде, есту қабілетін, ырғақ сезімін, шығарма сипатын, тембрлік, динамикалық өзгерістерін терең ұғына білуге жетелейді. Музыкалық ойындар баланы жаңа сезімдер мен әсерлерге бөлей отырып, өзбетімен әрекет етуіне, музыканы қабылдай білу қабілеттері мен бала белсенділігін арттыра отырып, музыкалық дыбыстардың негізгі қасиеттерін айыра білуге үйретеді. Музыкалық-дидактикалық ойындардың педагогикалық құндылығы баланың алған білімдерін өмірде практикалық түрде қолдана алуында, яғни балалардың музыкалық қабілеттерін жан-жақты дамыту, меңгерту, ұйымдастыру ойын барысында жүзеге асырылып отырады.
Музыкалық – дидактикалық ойындар барысында бала бойында төмендегідей қабілеттіліктер қалыптасады:
* шығармашылығы
* белсенділігі
* ұйымшылдығы
* қабылдаушылығы
* музыкалық сауаттылығы