"Сиқырлы алақандар" ойын іс-әрекеті » №156 мемлекеттік балабақшасы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№156 бөбекжай-балабақшасы»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Меңгеруші :
+7(727) 291-76-71
Әдіскер:
+7(727) 291-89-61
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » "Сиқырлы алақандар" ойын іс-әрекеті
10
желтоқсан
2024

"Сиқырлы алақандар" ойын іс-әрекеті

Ұсақ қол моторикасы термині саусақтар қозғалысы және қолдың буындарын үйлестіру дегенді білдіреді.  Ұсақ моториканы дамытудың маңыздылығы неде? Адамның бас миында саусақ қимылына және сөйлеуге жауап беретін орталықтар өте жақын орналасқан. Ұсақ моторикаға әсер ете және оны белсендіре отырып, көрші орналасқан сөйлеуге жауап беретін орталықты  да дамыта аламыз.     

Сонымен қатар, өзіне-өзі қызмет ету дағдысын қалыптастыру: түймесін өзі салып, өзі ағыту, бауын байлау, т.б. Ал ересек топтағы балалар үшін ұсақ моториканы дамыту және қолдың икемділігін арттыруға арналған жаттығулар мектепке дайындықтың, яғни, жазу, сызуға үйренудің маңыздысы болып саналады.

Бала есін біліп, былдырлап сөйлей бастаған кездің өзінде-ақ баламен ойнай бастаймыз. Өйткені ойын – мектеп жасына дейінгі баланың жетекші іс-әрекеті. В.А. Сухомлинский: «Ойынсыз баланың толыққанды ақыл-ой дамуы мүмкін емес. Ойын – үлкен ошақты жағуға арналған ұшқын» деген, яғни, ойынның басты мақсаты: баланы дамыту, кемшіліктерін түзету.

Ойындар – ұсақ саусақ моторикасын дамытудың маңызды бөлігі. Ойындар мен жаттығулардың жүйелілігі. Бірден нәтижені күтудің қажеті жоқ. Өйткені дағдылардың автаматтануы көптеген қайталанулармен келеді. Соған байланысты, бір дағдыны меңгеру бірнеше бөліктермен жүзеге асады.

Ұсақ саусақ моторикасын шындау – тілді шыңдау. Ал тілді шыңдау - ақыл-ойды да шыңдау деген сөз. Ұсақ моториканы дамыту барысында біз мынадай нәтижелерге жетеміз:

1. Сөйлеу тілі жетіледі.

2. Қимыл-қозғалыс қабілеті артады.

3. Икемділігі арта түседі.

4. Логикалық ойлау қабілеті дамиды.

5. Танымдылық деңгейі артады.

Ойындар арқылы біз баламен қарым-қатынасты нығайтып, баланың өз-өзіне деген көзқарасын өзгертіп, ойынға, оқуға деген ынтасын көтереміз.