17
наурыз
2023
МАД арнайы "Бәйшешек" тобы, "Наурыз қалай тойланады?" мерекесіне арналған іс- шара.
Наурыз қалай тойланады?
Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы – байырғы заманнан келе жатқан “көктемгі жаңару” мерекесі екені белгілі. Наурыз - бес мың жылдан астам уақыттан бері тойланып келеді. Бұл мейрам Орта Азия халықтары, соның ішінде қазақ халқының да ұлттық мейрамы екені баршамызға аян. Бұл көне мереке Наурыздың тарихына көз салсақ, әлем халықтарының басым бөлігі аталмыш мейрамды әлі күнге дейін тойлап келеді.
Наурыз мейрамы – бұл көктем мен еңбектің мерекесі, күн мен түнтеңесетін күн. Бұл мейрам 22 наурыздан 19 сәуірге дейінтойланатын ұзақ мейрам.
Наурыз сөзі “Жаңа күн” деген мағына береді. Мейрам кезінде тазалыққа мән беріліп, мерекелік “Наурыз көже” дайындалады. Көже – еліміздің әр өңірінде әр түрлі жеті түрлі дәмнен жасалатынын да байқауға болады. Наурыз мейрамында бір-біріне қонақ болып, тойлап арқа-жарқа болып жатады.