09
қаңтар
2026
«Ұсақ моториканы дамытуға арналған ойындар»
Ойын барысында балалар саусақ қимылдарын талап ететін әртүрлі әрекеттерді (ұсақ заттарды іріктеу, құрастыру, қыстыру, мозаикамен, пластилинмен жұмыс) орындайды. Педагог-психолог балалардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, ойындарды біртіндеп күрделендіреді. Аталған ойындар қолдың икемділігін, қимыл дәлдігін, зейінін, шыдамдылығын және сөйлеу тілінің дамуын қолдайды. Сонымен қатар, ойындар баланың эмоционалдық жай-күйін тұрақтандырып, өзі
не деген сенімділігін арттыруға ықпал етеді.