10
маусым
2025
"Балаңыз сөйлесін десеңіз..."
Бала үшін үлгі - ол жақындарының, әсіресе ата-анасының тілі. Ата-ана - баласының ана тіліне арқау болатын ең алғашқы ұстазы болып табылады Отбасы - бірінші мектеп. Ата–аналардың көмегінсіз дұрыс сөйлеу тілін меңгеру мүмкін емес. Баламен сөйлесуге тырысыңыз. Ақырына дейін сөзін бөлмей тыңдаңыз, қойған сұрағына түгелдей дерлік нақты жауап беріңіз, сөз бен дыбысты дұрыс айтыңыз, бұл бала тілінің пісіп-жетілуіне көмектеседі. Баланың өздік машықтануын қалыптастыра отырып, қойылған және бекітілген дыбысты тұрмыстық сөйлеу тіліне енгізіңіз.Бақылауды, тыңдауды, талқылауды, өз ойын дұрыс жеткізуді үйретіңіз.Табандылық пен өз-өзіне қызмет етуге тәрбиелеңіз.Тілдік бұзылыстарды түзеу жұмыстарының нәтижесі сабақтың жиілілігі мен баланың жеке дамуына, жас ерекешелігіне, бұзылыс дәрежесіне, сонымен қатар ата-аналардың түзеу жұмысына ат салысуына тікелей байланысты екенін естен шығармаңыз.Баламен жасалған жұмыс жасау барысында болған сәтсіздікке мойымай, оны үнемі қолдап отырыңыз.Шыдамдылық танытыңыз, тез нәтиже қол жеткізуге тырыспаңыз, түзеу жұмыстарын баламен аяғына дейін жүргізіңіз. Тіл бұзылысын бір және бірнеще сабақта түзету мүмкін емес. Ол үшін мұғалім-логопед, бала мен ата-аналардың бірлескен жұмысы ауадай қажет екенін есте сақтаңыз.





