23
ақпан
2024
Педагогтермен "Буллинг" дегеніміз не? тақырыбында жиналыс өткізілді
Педагогтермен "Буллинг" дегеніміз не? тақырыбында жиналыс өткізілді. Балабақша психологі Смаилова Гульзат барлық педагогтерге балалар арасында болатын буллинг жайында кеңес берді. Балалар арасында болып жатқан буллингтен баланы қорғау жайлы айта келе, буллингке ұшыраған баламен қалай жұмыс жасау керегін түсіндірді. Буллингке ұшыраған баланы ата-аналар мен тәрбиешілер бірлесіп құтқаруы керек. Сонда ғана бұл іс жеңіл түрде шешілетін болады. Біреуден қысым көрген бала өзгенің қорғауына мұқтаж болып келеді, сондықтан балаға ата-анасы да, педагогтерде әрдайым көңіл бөліп, оған назар аудару қажет.