Мектепалды "Қарлығаш" тобы қоштасу ертеңгілік
Қоштасу ертеңгілігі жоғары деңгейде ұйымдастырылып, ерекше әсерге толы өтті. Балабақшамен қоштасып, мектепке қадам басқалы отырған бүлдіршіндер ән айтып, би билеп, өз өнерлерін көрсетті. Әр баланың жүзіндегі қуаныш пен толқыныс жүректерге жылы сезім сыйлады. Балалардың балдәурен балалық шағы өткен балабақшамен қоштасу сәті ата-аналар мен тәрбиешілер үшін де әсерлі болды. Ертеңгілікте тәрбиеленушілерге ақ жол тілеп, жылы лебіздер айтылды. Бүгінгі кеш — балғындардың алғашқы үлкен белесі.