Жаңа жылдық ертеңгіліктер » №156 мемлекеттік балабақшасы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№156 бөбекжай-балабақшасы»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Меңгеруші :
+7(727) 291-76-71
Әдіскер:
+7(727) 291-89-61
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жаңа жылдық ертеңгіліктер
22
желтоқсан
2025

Жаңа жылдық ертеңгіліктер

Барлық жандар бір білікке қосқан үн,
Бақытты боп бастады жыл дастанын.
Қуанышпен келді той деп жаңа жыл!
Құтты болсын жаңа бақыт достарым!

Мектепалды топтарында:  "Қарлығаш"  тобында  "Дисней ханзада  және  ханшайымдарының  жаңа  жыл  кеші", "Ер Төстік  тобында  "Жыл  он  екі  ай",  "Ақбота"  тобында  "Жыл  басына  таласқан  хайуанаттар"  тақырыбында  ертеңгіліктер  өткізілсе,  ересектер  тобында: "Қошақан"  тобында  "Қарша  қыз  бен  жеті  ергежейлі",  "Ер  Тарғын"  тобында  "Қызыл  телпектің  жаңа  жылдағы  орманға  саяхаты", "Жұлдыздар"  тобында  "Нағыз  бақыт  сыйлықта  емес", "Бәйшешек"  арнаулы  тобында  "Санта  ата  және  оның  достары"  тақырыбында  ертеңгіліктер  өтті. Сонымен   қатар  ортаңғы  топтарда: "Балдырған"  тобында  "Бауырсақтың  жаңа  жылы",  "Балапан" және Тұлпар тобында  "Жаңа  жылдық  үйшік"  тақырыбында  өткізілді.  Кіші  "Сұңқар"  тобында  "Маша  мен  аюдың  жаңа  жыл  кеші"  тақырыбында  ертеңгілік  өткізілді.