07
наурыз
2023
Ересек "Ақбота" тобы, "Аяулы менің Анашым" мерекелік ертеңгілік
"Аяулы менің Анашым" мерекелік ертеңгілік
Ана –деген өмірімнің шырағы,
Өмір көзі алтын күннің шуағы.
Дем беретін сүйетұғын жаныммен,
Шөл далада сусындайтын бұлағың.
Әр адам өмірге келгенде, мейірімді, жүрегі жылы жанды көреді.
Ол – Ана. Қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай бауырына басып, біз үшін жанұшыра шырылдайтын да – Ана. Әрқашан дұрыс таза, адал бол деп тілейтін де – Ана. Ана дегенде сөзге келмейтін тіл, лүпіл қақпайтын жүрек, мөлтілдемейтін жанар жоқ. Әр ана отының өшпеуін, бақытының көшпеуін, шаңырағының құламауын, сәбиінің жыламауын тілейді, ендеше сол абзал аналарды бүгінгі мерекелерімен құттықтаймыз.!