"Ұлы Жеңіске 80 жыл" атты челендж. » №156 мемлекеттік балабақшасы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№156 бөбекжай-балабақшасы»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Меңгеруші :
+7(727) 291-76-71
Әдіскер:
+7(727) 291-89-61
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » "Ұлы Жеңіске 80 жыл" атты челендж.
15
мамыр
2025

"Ұлы Жеңіске 80 жыл" атты челендж.

Медеу аудандық білім бөлімі «Ұлы Жеңіске 80 жыл» атты челленджді жалғастыру мақсатында Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Бауыржан Момышұлы, Рақымжан Қошқарбаев сынды батырларымыздың бейнесін мектеп басшылары мен ұстаздарының сомдауымен арнайы бейнеролигімізді назарларыңызға ұсынамыз! 80 жыл бұрынғы Ұлы Жеңіс батырларымыздың ерлігі мен қайсар рухының мәңгілік символы.
 Ұлы Отан соғысында аталарымыз бен әжелеріміз көрсеткен жанқиярлық ерлік пен ерен еңбек ұрпақ жадында мәңгі сақталады.
Олардың бейбіт өмір үшін төккен қаны мен көз жасы бүгінгі тәуелсіздігіміз бен тыныштығымыздың берік іргетасы.
Осы бір қасиетті күнде Медеу аудандық білім беру ұйымдарының басшылары мен оқушылары, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының меңгерушілері мен балғын бүлдіршіндер мәңгілік алау маңында тағзым етіп, арнайы іс-шара өткізді. Іс-шара барысында 80 ақ көгершін ұшырылып, Ұлы Жеңіске деген құрмет бейнеленді. Сонымен қатар, Бауыржан Момышұлы мен Рақымжан Қошқарбаевтың рухына тағзым етіліп, мәңгілік алауға гүл шоқтары қойылды. Ұлы Жеңіс - еркіндік пен бейбіт өмірдің символы! 
Отан  үшін  от кешкендердің  рухына  мәңгілік  тағзым!