Балалардың ұсақ қол моторикасын ойын арқылы дамыту
Ұсақ саусақ моторикасын шындау – тілді шыңдау. Ал тілді шыңдау - ақыл-ойды да шыңдау деген сөз. Ұсақ моториканы дамыту барысында біз мынадай нәтижелерге жетеміз: 1. Сөйлеу тілі жетіледі. 2. Қимыл-қозғалыс қабілеті артады. 3. Икемділігі арта түседі. 4. Логикалық ойлау қабілеті дамиды. 5. Танымдылық деңгейі артады. Ойындар арқылы біз баламен қарым-қатынасты нығайтып, баланың өз-өзіне деген көзқарасын өзгертіп, ойынға, оқуға деген ынтасын көтереміз.