Ересек "Балапан" тобы, Март мерекесіне арналған іс-шара. » №156 мемлекеттік балабақшасы
Государственное коммунальное казенное предприятие
«Ясли-сад №156»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Заведующий :
+7(727) 291-76-71
Методист:
+7(727) 291-89-61
Версия для
слабовидящих
» » Ересек "Балапан" тобы, Март мерекесіне арналған іс-шара.
16
март
2023

Ересек "Балапан" тобы, Март мерекесіне арналған іс-шара.

"Ұлттық ойындар" март мерекесіне арналған іс-шара.
Март келдi елiме,
Март келдi жерiме.
Байлық, бақыт тiлеймiн,
Бүкiл қазақ елiне. 
 Ұлттық ойын «Асық»— Қазақ халқының ұлттық ойындарының бірі. Асық ойыны баланың жастайынан жүйке жүйелерін шыңдап, оларды дәлдікке, ұстамдылыққа, байсалдылыққа тәрбиелейді. Асықпен ойналатын ойынның тағы бір түрі — «Ханталапай». Балалар бұл ойынды үлкендердің басшылығымен ойнайды. Ойынға қатынасушы балалардың санына шек қойылмайды. Олар ойын жүргізушінің айналасына жарты шеңбер құрып отырысады. Ойын жүргізуші қолындағы асықты «ханталапай» деп ортаға қарай шашып жібереді. Отырғандар тез-тез жиып алулары керек. Кім аз жиып алса, сол жеңілген болып есептеледі. Ойынның мақсаты — балалардың жылдамдығын жеделдету, жүйке жүйелерін шыңдау, тілін дамытып, ойда сақтау қабілеттерін жетілдіру.
Ұлттық ойын «Арқан тартыс» Ойынға ұзындығы 10 метрдей жуан кендір арқан керек. Ол арқанның тең ортасынан орамалмен орап белгі жасайды, белгінің екі жағынан бір жарым-екі метрдей жерден тағы да жогарыдағы тәртіппен белгілейді. Ойынға қатынасушылар тең екі топқа бөлінеді. Олардың саны 10—12 адам болуы мүмкін, ойыншылар бойларына қарай қатар түзеп тұрады.   Арқанның екі жағынан екі топқа бөлінген балалар тартысады. Қай топ өз жағына алып, келсе сол топ жеңіске жетеді.
 Ұлттық ойын «Теңге алу»
Ойын шарты: Бұл ойынды ер балалар ойнайды. Аттың орнына шыбық ат пайдаланады. Белгілі бір жерге теңгені ыдысқа салып қояды. Ойыншылар атпен шауып келіп еңкейіп теңгені ыдыстан тез алып шаба жөнеледі. Егер ойыншы теңгені алмай қалса жеңілген боп есептеледі.
Ұлттық ойындарының бірі- Сақина салу 
Ойында саны 10-ға жететін балалар қатысады. Қатысушылар шеңбер бойынша қатарға отырады. Алақандарын бір-біріне қысып, қолдарын алдында, тізе үстінде ұстайды. Жүргізуші (жіребе бойынша) шеңбер ортасында тұрып, өз алақандар арасында сақинаны (тиынды) салып, өз алақандарымен сақинаны олардың алақандарын ашып салған сияқты боп, солай бүкіл қатысушыларды өтеді. Сақинаны біреуге салып, ол бірнеше қадамға артқа қарай кетіп: “қайда менім сақинам?” – деп айтады. Сұрақты естіген соң, сақинаның иесі тұру керек. Оң жақта отырған көршінің тапсырмасы оны (сақина иесін) ұстау керек. Егер сақинаға ие болып жүрген ойнаушыны көршісі ұстай алмаса, онда көршісін жазалайды, ал егер сақина иесі тұра алмаса, онда оны өзің жазалайды. Жаза әр түрлі болуы мүмкін: жеңімпазды арқасына отырғызып жүріп келу, бір аяқпен секіру, билеу, ән айту және т.б. Жазаланған тапсырманы жасағаннан кейін жүргізуші болады және ойын жалғаса береді.