15
март
2023
Ортаңғы "Сұңқар" тобы, Март мерекесіне арналған іс-шара.
Март мерекесіне арналған "Тұсаукесер" тақырыбында өткізілген іс- әрекет.
Қазақтар бала қаз-қаз тұра бастағанда «болды, енді жүреді» деп байлам жасап, сәбиді өмірдің келесі кезеңіне – жүру, тұру процесіне дайындаған. «Тұсау кесу рәсімі, міне, дәл осы кезде атқарылады. Тұсаукесер — әр бала үшін міндетті түрде орындалатын салт. Бұрындары баланың тұсауын лып еткізіп өткір сапымен кескен. Баланың келешегінде қарама-қарсы — қайшылану болмасын деп, мүмкіндігінше қайшымен кеспеген екен. Тұсау кесудің алдында ол, баланың қолына түсетін ерекше бір сыйлық ұстатқан. Сосын жиналған жұртқа қарап, балаға бата-тілегін айтатын болған. Ел «Әумин!» деп бетін сипаған соң тұсау кесіледі де, баланың әбден естияр болған, аға-әпкелері сәбиді «қаз-қаздап» жұртқа қарай біршама жүргізеді. Баланың тұсауын кескен адамның өмірде сүріншек, шалағай, зуылдақ не өтірікші болмағаны дұрыс. Керісінше, жүріс-тұрысы ширақ, өмірде орнықты, нық адам болғанын әке-шешелері әдейі ырым етіп, қалайтын болған. Той иелері тұсау кесушіге өздерінің сый-кәделерін жасайды. Тұсауды кесетін сапы не пышақ өз иесіне қайтарылады да, кесілген ала жіпті сол топтағы жаңа нәрестелі болғандарға немесе бала көтере алмай жүрген жұптарға ырым қылып таратып береді. Осы кезде шашу шашылып, тұсау кесу жыры айтылады.