Балаға рухани-адамгершілік тәрбие берудегі отбасының рөлі » №156 мемлекеттік балабақшасы
Государственное коммунальное казенное предприятие
«Ясли-сад №156»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Заведующий :
+7(727) 291-76-71
Методист:
+7(727) 291-89-61
Версия для
слабовидящих
» » Балаға рухани-адамгершілік тәрбие берудегі отбасының рөлі
31
май
2017

Балаға рухани-адамгершілік тәрбие берудегі отбасының рөлі

"Бөбек" ұлттық-ғылыми практикалық білім беру және сауықтыру орталығы жуырда білім беру ошақтарына "Балаға рухани-адамгершілік тәрбие берудегі отбасының рөлі" тақырыбында вебинар өткізді.
Алматы қаласы, Медеу ауданы №156 бөбекжай балабақшасының меңгерушісі Алибаева Аймен Шаймағанбетқызы мен осы балабақшаның әдіскері Ташибаева Гульнар Жақиянқызы балабақша педагоготарымен бірге вебинарды тыңдап, көптеген мағлұматтар алды.
Отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі – бала. Бала - жасы кәмелетке толмаған, жан - жақты тәрбиені қажет ететін, болашағынан көп үміт күттіретін жеке тұлға. Ал, баланың жеке тұлға болып қалыптасуына ықпал етіп, тәрбие берушілер ата-ана, жанұя, араласатын ортасы, жолдастары, тәрбиешісі, ұстаздары.
Жеке баланың бойындағы ар-ұяты, ақыл-ойы, адамгершілігі, басқа адамдармен қарым-қатынасы, мәдениеттілігі жанұядан алынады. Сондықтан жанұя – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Осы ұжымның әрбір мүшесі өзара сүйіспеншілікпен, береке-бірлікпен, сыйластықпен бала тәрбиесіне араласса, кәмелетке толғаннан кейін саналы, тәрбиелі жеке тұлға пайда болады. Ал, баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі, тату, берік отбасының әсері мол, себебі оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер отбасында қалыптасады. Сондықтан, отбасы өте қажетті, басқадай ешнәрсемен ауыстыруға болмайтын баспалдақ.
Ата-ана – тәрбие өнегесі, сондықтан «Ата көрген-оқ жонар, ана көрген –тон пішер» деп қазақ мақалы тегін айтылмаған. Осы нақыл сөзден-ақ, отбасының, ата-ананың бала тәрбиесіндегі ролі өте үлкен және маңызды екенін көреміз.
Вебинар барысында балабақша педагогтары орталық мамандарына көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, өздеріне қажетті жауаптарды алды.

Балаға рухани-адамгершілік тәрбие берудегі отбасының рөлі

 

Балаға рухани-адамгершілік тәрбие берудегі отбасының рөлі

 

Балаға рухани-адамгершілік тәрбие берудегі отбасының рөлі

 

Балаға рухани-адамгершілік тәрбие берудегі отбасының рөлі

 

Балаға рухани-адамгершілік тәрбие берудегі отбасының рөлі

 Гүлнара ЕРБЕКЕЕВА