Консультациялық пункт
КМКҚ "№156 бөбекжай-балабақшасында" мектепке дейінгі мекемелерге балалары қамтылмаған ата-аналарға арналған консультациялық кеңес пункті жұмыс жасайды. Ата-аналар үшін баланы тәрбиелеу мен оқытуға, баланы дамытуға, баланың денсаулығын нығайтуға қажетті сұрақтар туындаған жағдайда, ата-ана балабақша меңгерушісінен, әдіскерден, педагог-психологтан, логопед-дефектологтан, медбикеден, балабақшаның консультациялық пунктінен кеңестер мен практикалық көмек алуына болады.