29
ноябрь
2024
Қамшы ұстар ұлды тәрбиелеу
Ағымдағы жылдың 29.11.2024 күні бөбекжай жоспары бойынша «Әкелер мектебі» жұмысының аясында «Қамшы ұстар ұлды тәрбиелеу» тақырыбында іс-шара өтті. Іс-шараның басты мақсаты мектепке дейінгі білім беру сапасын арттыру, ата-аналарды педагогикалық процеске тарта отырып МДҰ-мен тығыз ынтымақтастықты нығайту, отбасы мен педагог арасында оң көңіл-күй, қолдау атмосферасын құру арқылы отбасы тандемінде ұрпақтар сабақтастығының икемді және қолайлы жағдайларын жасау, ұлттық дәстүрлер мен құндылықтар көзі болып табылатын әдет-ғұрыпты дәріптеу мен әкелердің бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру. Аталмыш іс-шараға алты топтың әкелері балаларымен қатысып, балаларымен жоспар барысына қарай психологиялық тапсырмалар мен ойындар, мақал-мәтелдер айтып жарысты, тақырыпқа сай 4,6,8 өрімнен тұратын қамшы өріп, әр өрімнен тұратын қамшының қолданылу аясы балалар мен көрермендерге түсіндірілді. Сонымен қатар салт-дәстүрге негізделген балалардың қатысуымен би, әндерде көрініс тапты.







