08
октябрь
2016
"Қарттарым - асыл қазынам"
Кеше Алматы қаласындағы №156 бөбекжай-балабақшасында 1-октябрь "Қарттар күнінен" орай "Қарттарым - асыл қазынам" атты мерекелік іс-шара болып өтті. Аталмыш кешке Алматы қаласының зейнет жасындағы қариялары шақырылды.
Кеш барысында бөбекжай-балабақшасының меңгерушісі Аймен Шаймағанбетқызы Әлібаева қарияларды "Қарттар күнімен" құттықтап, сөз сөйледі. Аймен Шаймағанбетқызының айтуынша, бүгінгі таңда мемлекет тарапынан қарияларға, зейнет жасына жеткен кісілерге көптеп көңіл бөлінуде. Қоғамда да қарияларға деген ілтипат, сыйласымды көзқарас жақсы қалыптасқан.Жастайынан еңбек етіп, мемлекет дамуына, қоғамның дамуына үлес қосқан қариялар бұл күні балабақша бүлдіршіндері дайындаған концертті тамашалады. "Бәйшешек", "Сұңқар", "Тұлпар", "Ер Төстік", "Жұлдыздар" топтарының тәрбиешілері Айман Владимирқызы, Бағлан Тәліпбайқызы, Жанерке Ержанқызы, Айжан Айтжанқызы, Жанат Әлібекқызы, Гүлбану Тохтарқызы, Гаухар Қуандыққызы, Айша Февральбетқызы, Гүлсім Изматова және бүлдіршіндері біріге отырып, қарияларға тамаша көңіл-күй, естен кетпес әсер сыйлады. Кешті музыка жетекшісі Айгүл Хатауқызы әдемі ән-күймен қыздыра түсті. Көңілденген қариялар да балалармен бірге ән айтып, би биледі. Кеш соңында қарияларға арнайы сыйлықтар табыс етілді.