21
ноябрь
2024
Доптар біздің досымыз!
Жас ұрпақты жан- жақты дамыған, ой өрісі биік, тұлғасы сымбатты азамат етіп өсіру үшін тәрбие жүйесінде дене тәрбиесінің алар орны орасан зор. Ал оны неғұрлым ерте кезінен бастап, дұрыс жолға қойып жүргізсе, соғұрлым нәтижесі жемісті болатыны анық. Сондықтан да бөбекжайда жоспар бойынша «Денсаулық күндері», «Дене шынықтыру сауық-кештері» үздіксіз өткізіліп тұрады. Соның бірі ноябрь айының айлық жоспарына сәйкес өткен «Доптар біздің досымыз» сауық-кеші ортаңғы «Ертарғын» тобымен өткізілді. Осы сынды спорттық жарыстар мен түрлі ойын сауықтар балалардың ой санасының қалыптасуына, өзін еркін ұстап және жан- жақты жетілуіне әсер етеді. Кішкентай бүлдіршіндердің жауапкершілікті сезіне жүріп жасаған әрбір іс-әрекеті арқылы олардың ептілікке, жылдамдыққа, шыдамдылыққа және батылдыққа тәрбиеленіп, балалардың бір-біріне деген жанашырлығы, көмек қолын созуы олардың адами асыл қасиетті бойларына сіңіріп өсуіне ықпалы зор.















