15
май
2025
"Мектепке дейінгі робототехникадан байқау" шеберлік сыныбы.
KMKK «№ 156 бөбекжай-балабақшасында» 10.04.2025 жылы жоспарға сай қалалық деңгейде «ROBOT MOUSE» аталымы бойынша «Мектепке дейінгі роботехникадан байқау» шеберлік сыныбы өтті. Шеберлік сыныпқа қалалық мектепке дейінгі ұйым меңгерушілері мен тәрбиешілер, ата-аналар қатысты. Ұйымдастырылып отырған іс-шара мақсаты: мектепке дейінгі ұйымдарда жаңа инновациялық технологияларды тиімді енгізу мен қолдану жолдары және мектеп жасына дейінгі балалардың өмірлік маңызы бар дағдыларын дамыту мен қатар қалыптастыруда роботехниканың тиімділігін арттыру болып табылады. Шебер сыныптың бағдарламасына сәйкес бөбекжай меңгерушісі К.А.Жунусова «Мектепке дейінгі ұйым тәрбиеленушілерінің бойында дағдыларды қалыптастыруда робототехниканың тиімділігі» тақырыбында презентация жасап, қазіргі таңда роботехниканы пайдалана отырып, жеткен жетістктерге тоқталынды. Сонымен қатар осы тұста мектепке дейінгі ұйым мен ата-ана арасындағы жұмыстың сабақтастығының маңызын да атап өтті. Өз кезегінде бөбекжай түлектері және Қарағанды қаласында өткен «ROBOT MOUSE мектепке дейінгі роботехника және бағдарламалау бойынша У ашық қалалық турнирінде «Робот-ара» категориясы бойынша ІІ дәрежелі диплом иегерлері Оразғали Хамза Ұларұлы, Совет Айлин Талғатқызының ата-анасы А.Боранбаева мен Ж.Қыстықбаева сөз алып, бүгінгі таңдағы балалардың мектептегі үлгеріміне бөбекжайдың қосқан үлесінің зор екендігін айтты.






