Мектепке дейінгі ұйымдарда «Су-Джок терапиясын» қолданудың тиімділігі » №156 мемлекеттік балабақшасы
Государственное коммунальное казенное предприятие
«Ясли-сад №156»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Заведующий :
+7(727) 291-76-71
Методист:
+7(727) 291-89-61
Версия для
слабовидящих
» Мектепке дейінгі ұйымдарда «Су-Джок терапиясын» қолданудың тиімділігі
26
сентябрь
2025

Мектепке дейінгі ұйымдарда «Су-Джок терапиясын» қолданудың тиімділігі

Мектепке дейінгі ұйымдарда «Су-Джок терапиясын» қолданудың тиімділігі

Соңғы уақытта мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде жастарына қарай дәстүрден тыс баламен жұмыс жүруде. Денсаулық саласы бойынша педагогтар су-джок терапиясына қарай бет бұруда, оңтүстік медицинасының соңғы жетістігі, баланың дамуына әсер ететін бірде-бір әдіс. Су-джок терапиясы – бұл қол мен аяқ арқылы емдеу жолы.  Қол мен аяқ- адамның дене мүшелерінің тамырының орналасу орталығы. Түзету (коррекция) жұмыс бағытында тіл мүкістігін болдырмау мақсатында су джок терапиясын массаж ретінде қолдануға болады.  
Мектепке дейінгі мекемелерде су-джок терапиясын саусақтың және қолдың шоғырына массаж ретінде қолданылады. Үлкен саусаққа әсер етуі өте маңызды, ол адамның бас бөлігіне жауап береді. Саусақтың ұштары және аяқтың тырнақтары бастағы ми бөлігіне жауап береді.
Мектепке дейінгі ұйымдарда барлық жас аралығында қолдануға болады. Балалар серпімді сақина, арнайы шарлар арқылы шығармашылық ойындар элементтерін, рөлдік-ойындарды, шамалары келгенше ертегі кейіпкерлерінің бейнелеріне еніп, қойылған мақсаттарды шешуге ұмтылады. Балаларға ойын түрінде берілге тапсырма қызығушылығын оятады. Тапсырма орындау барысында балалардың денсаулығын нығайтуға, тіл мүкістігін түзетуге, таным процесінің дамуына өз үлесімізді қосамыз.